Шымкентте «Әйел-ананың денсаулығы» тақырыбында кездесу өтті

0
590

Кездесу барысында пайдалы кеңестер мен ем алудың дұрыс бағыттары түсіндірілді.


Шымкентте «Әйел-ананың денсаулығы» тақырыбында кездесу өтті

Шымкент қаласы «Шаңырақ» орталығында «Әйел-ананың денсаулығы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесуге "Экомед-Шымкент" клиникасының дәрігері Әлжанова Камшат Салдарқызы шақырылып, пайдалы кеңестер мен ем алудың дұрыс бағыттары түсіндірілді.

Сонымен қатар, кездесу барысында мемлекет тарапынан ЭКО әдісімен балалы болуға бөлінетін қаржылай көмек туралы да сөз қозғалды.

"Үш жылдан астам уақыт бойы балалы бола алмай жүрген отбасылар мемлекет тарапынан бөлінетін квота арқылы ЭКО әдісін 1 рет тегін қолданып, балалы бола алады. Бір рет ЭКО жасатуға бөлінетін квота сомасы шамамен 1 млн тг құрайды. Және бір міндетті шарты – ерлі-зайыптылар заңды некеде болуы керек, әйелдің жасы 45 тен аспауы тиіс", - деді маман.