Шымкентте әкімшілік сотта дауласқандардың едәуір бөлігі келісімге келген

0
304

Бұл ретте қаралған істердің 18 пайызы ортақ мәмілеге келді.


Шымкентте әкімшілік сотта дауласқандардың едәуір бөлігі келісімге келген

Шымкент қаласында әкімшілік сотта дауласқандардың 18 пайызы келісімге келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Бек Әметов брифинг барысында мәлімдеді.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында дауласушылардың едәуір бөлігі келісімге келіп жатыр. Бұл ретте қаралған істердің 18 пайызы ортақ мәмілеге келді, – деді Бек Әметұлы.
Брифинг барысында қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Г.Қыдырбаева шілде айынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Әкімшілік сотқа биыл шілде айынан бері 416 арыз түсті. Олардың ішінде 114-і сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымданумен байланысты. Ал 73 жер дауы, 64 салық заңнамасынан және 60 мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар бойынша, қалған бөлігі басқа да санаттарға кіреді, – деді Гүлмира Дұрысбекқызы.
Айта кетейік, әкімшілік сотта мемлекеттік орган мен азаматтың (немесе заңды тұлғаның) арасындағы даулар қаралады. Жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте осы тараптардың сот процесінің кез келген уақытында бітімге келуге мүмкіндік жасалған. Ал бұрынғы заңнамаларда мемлекеттік органдармен татуласу қарастырылмаған еді.