Шымкентте "Ақылды күнбағыс" жүйесі іске қосылды

0
1 358

«Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды.


Шымкентте

Шымкентте "Ақылды күнбағыс" жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды.

«Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды: Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ - 3, Металлург саябағы - 3, Жеңіс саябағы - 3, Дендро саябағы - 3, Қошқар ата - 2.