Шымкентте тойханаларын мектепке айналдырғысы келетін кәсіпкерлер көбейді

0
1 686

Шымкентте 2025 жылға дейін 85 мектеп салынады.


Шымкентте тойханаларын мектепке айналдырғысы келетін кәсіпкерлер көбейді

Шымкентте тойханаларын мектепке айналдырғысы келетін кәсіпкерлер көбейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

- Бүгінгі таңда қаламыздағы тойхана ғимараттарын қайта құрылымдау арқылы білім ошағына айналдыру тәжірибесі бірнеше тойхана иелеріне де ой салуда, - деді білім басқармасының басшысы.

Басқарма басшысы бүгінде мектеп салуға ниет білдірген кәсіпкерлердің саны артқанын да тілге тиек етті. Оның айтуынша алдағы уақытта инвесторлар есебінен 6 мега, 10 зияткерлік, 1 халықаралық деңгейдегі мектептерге басымдық беріледі. Тағы 46 әлеуметтік мектеп салу жоспарланған.

Жалпы Шымкентте оқушылар саны 15 мыңнан асады. Биылдың өзінде 23 мың оқушы мектепке кезекте тұр. Бұл өсім 5 жылда 75 мыңға жетеді. Ал кешенді жоспар бойынша 2025 жылға дейін 64 900 орынға арналған 85 мектеп салынады.

2021 жылы қаладағы апатты мектептердің жағдайы толық шешіледі. Бір сыныпта 35-40 оқушы оқитын12 мектеп 2022 жылы, ал үш ауысымдағы 13 мектептің мәселесі 2023 жылы толық шешімін табады.