Шымкентте отбасылар әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін ажырасып жатыр

0
2 054

Бұл туралы өзара алқалы жиын өткізген ауыл билері мен судьялар айтып дабыл қақты.


Шымкентте отбасылар әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін ажырасып жатыр

Шымкенттің бір ғана Еңбекші аудандық сотына биылғы жылдың бірінші тоқсанында 251 ерлі-зайыпты ажырасуға өтініш берген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тлішісі.

Шымкент қаласында соңғы кезде ажырасу көбейген. Өз перзентінен құжат арқылы "безіп", жалғыз басты ана атануға асыққан көпбалалы аналардың көксегені атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу. Еліміздің үшінші мегаполисінде апта сайын 10-15 жұп заңды некесін бұзу үшін сотқа жүгінеді екен.

"Иә, соңғы кезде ажырасу үшін сотқа жүгінетіндер қатары артып отыр. Заңды некесін бұзуға ниеттілердің басым бөлігі атаулы әлеуметтік көмек үшін осындай қадамға барып отырғаны байқалады. Кейбір отбасылық жұп мұны ашып айтады, кейбірі жасырады. Дегенмен көрініп тұрады ғой. Ұрсысып, түсініспей, шын мәнінде айырылысуға бел буатындардай емес қол ұстасып келетіндер көп", - Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.

Ауыл билері де осындай үрдістің белең алғанын айтып отыр.

"Мен өз ауылымда әлеуметтік көмек ұйымының төрағасы боламын. Қазіргі таңдағы жалпы халықтың көңілін алаңдатып отырған мәселе - әлеуметтік көмек. Көп адам ілікпей қалып жатыр. Кейбір жағдайы жақсылар ілігіп жатыр да, кейбір жағдайы төмен отбасылар ілікпей қалып жатыр. Көмек алу үшін әкеліктен бас тарту, жалғыз басты ана болушылар көбейіп кетті. Осыларды реттейтін заң болар ма екен? Әлеуметтік көмке алушыларды тексеруге бола ма? Тиісті шара көрсе,"- деген тілегін Жұлдыз ауылдық округінің биі Оразалы Маханов айтты.