Шымкентте әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды

0
3 809

Шымкентте әлеуметтік көмекті алу жолдары түсіндіріліп жатыр.


Шымкентте әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды

Шымкентте Халыққа қызмет көрсету орталығында "Әлеуметтік көмек көрсету" бөлімшелері ашылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласында қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес қалада аз қамтылған отбасылардың өмір сапасын жақсарту үшін арнайы штаб құрылған болатын.

Апта сайын өтетін штаб отырысын қала әкімі өз бақылауына алып, қала ауамағында орналасқан барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарынан «Әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімдерін ашу туралы шешім шығарған.

Осы мақсатта Еңбекші, Әл-Фараби, Абай, Қаратау аудандарының әкімдіктерінде және «Халыққа қызмет көрсету» орталықтарында аталған бөлімшелер ашылып, бүгінде өз жұмыстарын атқарып жатыр.

"Құжаттар 1 сәуірден бастап Заңға өзгеріс енгеннен кейін қабылданады. Қазір келген халыққа түсіндіру жүргізіп, өздерінің жеке куәлігімен келіп, әлеуметтік көмек ала беруге болатынан жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Одан бөлек Еңбек министрлігінің тапсырмасына сәйкес Е-Халық базасы ашылып, халықтың әлеуметтік қарталары жасалынып базаға енгізу жұмыстары атқарылып жатыр", дейді Гүлжан Құрманбекова Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша көпбалалы аналардың саны 31 мыңға жуық, оның ішінде 2018 жылы 10 770 отбасы әлеуметтік көмек алған болса, қазіргі таңда 20 мынан астам отбасы алады деп күтілуде.

Әлеуметтік көмектің алу жолын, сондай-ақ көкейінде жүрген сауалды қою үшін "Халыққа қызмет көрсету орталығына" арнайы келген Шымкент қаласының тұрғыны көпбалалы ана Жақыпбекова Мөлір

"Өрлеу бағдарламасы бойынша қайтар айының соңында тапсырған едік, сол ақшамыз түспей жатыр. Осы сәуір айында берілетін 21 мың теңге біз ілінеміз ба әлде ілінбейміз бе немесе бұл өрлеу бағдарламасына кіріп кетеді ма? Осы сауал бойынша келген едім. Алты бананың анасымын төрт балам 18 жасқа жеткен жоқ, кішкентайым 7 айлық. Өзіміз пәтер жалдап тұрамыз, күйеуім жалдамалы жұмысшы. Өзім кішкентай балаларымен үйде отырмын"- дейді ол.