Шымкентте алғаш рет халықаралық перфузиологтар конференциясы өтті

0
822

Перфузиялық жүйені қолдану – ашық жүрекке жасалатын оталардың дамуына зор септігін тигізеді.


Шымкентте алғаш рет халықаралық перфузиологтар конференциясы өтті

Шетелдік кардиологтар Шымкенттегі халықаралық конференцияда бас қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында перфузиология саласын дамыту мақсатында ұйымдастырылған конференцияға Израиль, Германия, Латвия, Ресей мемлекеттерінің білікті кардиологтары шақыртылған.

Сонымен қатар, жиынға Қазақстандағы және аймақтағы перфузиология саласының мамандары қатысты. Өз кезегінде, конференцияға арнайы келген Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қалалық кардиологиялық орталықта перфузиология саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Ал, шетелдік мамандар тақырып аясында өз тәжірибелерімен бөлісіп, аталған саланың дамыту жолдарын атап өтті.

Айта кетейік, бұл іс-шара кардиохирургиядағы перфузиологиялық қызметті дамыту мақсатындағы жақсы алғышарттар болып саналады. Перфузиялық жүйені қолдану – ашық жүрекке жасалатын оталардың дамуына зор септігін тигізеді. Соның нәтижесінде жүрек ақауынан пайда болатын мүгедектіктің пайызы төмендеп, жұмысқа қабілеттілік сақталады және өлім санының күрт азаюына алып келеді.