Шымкентте алғаш рет лапароскопиялық әдіспен ота жасалды

0
561

Бір науқасқа екі бірдей ота жасалды.


Шымкентте алғаш рет лапароскопиялық әдіспен ота жасалды

Шымкент қалалық №3 ауруханасында Алматы мен Қарағанды қалаларынан келген жетекші хирургтардың қатысуымен алғаш рет лапароскопиялық әдіспен ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Германиялық «Карл Шторц» заманауи медициналық жабдықтар өндіретін компанияның адамның ішкі ағзасына тілік жасамай ота жасауға мүмкіндік беретін аппаратымен бір науқасқа екі бірдей ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша лапароскопиялық тәсіл арқылы грыжасы мен өтін алдыртқан науқастың қазіргі кезде жағдайы жақсы. Ол екі-үш күн ішінде аяққа тұрып кете алады, - дейді дәрігерлер.
Осы бағытта арнайы білім алып, тәжірибе алмасып келген аурухана дәрігерлері алдағы уақытта лапароскопиялық әдіспен бүйрек, бауыр ауруларының көптеген түрін емдеуді жоспарлап отыр.