Шымкентте алғаш рет «Shanyraq fest» этно-фестивалі өтті

0
1 283

Жиналған қаржы толығымен балалар интернатына аударылады.


Шымкентте алғаш рет «Shanyraq fest» этно-фестивалі өтті

Шымкент қаласындағы «Арбат» демалыс аймағында «Shanyraq fest» этно-фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған іс-шарада көпшілік өңірдегі түрлі этнос өкілдері дайындаған қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Сонымен қатар, фестиваль аясында ұйымдастырылған балалар ойын алаңдары, фотокөрме мен этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламалары көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, фестиваль барысында жиналған қаржы қаладағы есту қабілеті төмен балаларға арналған №2 мектеп-интернатына аударылды.