Шымкентте алғашқы «плюсті бағдаршам» орнатылды (видео)

0
1 609

Бұл бағдаршамдардың өзіндік ерекшеліктері бар.


Шымкентте алғашқы «плюсті бағдаршам» орнатылды (видео)

Шымкенттегі Қ.Рысқұлбеков – Ғ.Иляев және Тәуке хан – Сайрам көшелерінің қиылысында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Қызыл плюсті» қосымша реттеуіші бар бағдаршам орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Егер аталған бағдаршамдардағы «қызыл плюс» белгісі жанып тұрса, онда ол қарсы бағыттағы көлік құралдарының жүргізушілері үшін қозғалысқа тыйым салынғанын, ал солға бұрылып келе жатқан жүргізушілер қарсы көліктің өтуін күтпестен маневр жасай алатынын хабарлайды. Ал, «қызыл плюс» жанбайтын болса, ол қарсы бағыттағы көлік құралдары үшін қозғалыс рұқсат етілгендігі, ал солға бұрылатын жүргізушілер қарсы көліктің жүруін күтуі тиіс екендігі туралы хабар береді.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 21 қазандағы № 667 қаулысымен ҚР Жол қозғалысы ережесіне толықтырулар енгізілген, яғни 5-ші «Сигналдық бағдаршам» бөліміне 5.9-1 тармағы «қызыл "+"-бейнелі бағдаршам» қосылған.