Шымкентте алкоголь өнімдерін шығаратын 12 жасырын цех анықталды

0
581

Этил спирті мен алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымы бойынша мемлекетке жалпы 11 млн. теңгеден астам залал келтірілді.


Шымкентте алкоголь өнімдерін шығаратын 12 жасырын цех анықталды

Шымкент қаласында алкоголь өнімдерін шығаратын 12 жасырын цех анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы - этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру бойынша басты өңірлердің бірі болып саналады.

Қала аумағында этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру бойынша, мемлекеттік органдарда тіркеуден өткен және аталған тауарлардың айналымына арнайы лицензиялары бар ірі зауттардың жұмыстары атқарылуда («ТАУ Продукт» ЖШС, «Тұтынушы» ЖШС, «Gold Pegasus» ЖШС, «Евразия Элит» ЖШС, «Шымкентский пивоваренный завод» ЖШС, «SigmaBrau»ЖШС и «Пионер» ЖК).
Бірақ, өкінішке орай кейбір азаматтар, Салық кодексінің және ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының талаптарын бұза отыра, яғни спирт пен алкоголь өнімдерін өндіруге және оның айналымына лицензиялары болмай, салық органдарында тіркеуге тұрмай, контрафактік этил спиртін және арақ өнімдерін шығаратын жасырын цехтерінің жұмыстарын ұйымдастырады.
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен, бұндай көлеңкелі бизнестің жолын кесу бойынша үнемі түрінде жедел-іздестіру жұмыстар жүргізуде.
Департаменттің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ағымдағы жыл басынан 12 жасырын цехтің жолы кесілді.
Жалпы жыл басынан осы бағыттағы көлеңкелі айналымынан 20 мың бөтелкеден астам дайын суррогаттық алкоголь өнімдері (2020 жылы – 9 есе аз), 3 мыңнан астам этил спирті, 20 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркілері тәркіленді.
Этил спирті мен алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымы бойынша мемлекетке жалпы 11 млн. теңгеден астам залал келтірілді.
Суррогаттық алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымынан тек мемлекетке ғана залал келтірілмейді. Суррогат алкогольді тұтыну – ол бастысы адамның десаулығына зиян келтіреді.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес алкогольден улану бойынша 2020 жылы – 200 адам, ал 2021 жылы – 240 адам қайтыс болған.
Этил спирті және алкогольдің көлеңкелі айналымы бізбен қатаң бақылауға алынып, осы бағытта жедел-іздестіру жұмыстары үнемі түрінде жүргізілуде.