Шымкентте «Аналар – шаңырақ шуағы» атты басқосу өтті

0
477

Жиын соңында белсенділік танытқан кеңес мүшелері алғыс хатпен марапатталды.


Шымкентте «Аналар – шаңырақ шуағы» атты басқосу өтті

Шымкентте «Достық үйі» ғимаратында қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Аналар – шаңырақ шуағы» атты басқосуы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиынды Аналар кеңесінің төрайымы Балқия Көмекбаева ашып, қазіргі қоғамдағы отбасылық тәрбиедегі орын алып отырған біршама мәселелерді қозғады.
"Аналар кеңесі – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, Қазақстан халқы Ассамблеясы мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында құрылған. Бүгінде Шымкент қаласында 13 аналар кеңесі жұмыс істейді, оған 113 ана мүше. Қазіргі қоғамда бала тәрбиесін ұстаздарға артып қою жағдайлары орын алып жүр. Дегенмен ұлт болашағының тәрбиесі аналардың қолында. «Бесігіңді түземей, ұлт түзелмейді» деген. Аналар кеңесі жыл басынан бері 50-ге жуық іс-шара өткізді. Білім мекемелерінде кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр. Осындай игі шараларға өз еңбектерін қосып жүрген аналар кеңесінің мүшелеріне алғысымды білдіремін", – деді Балқия Әбдіманапқызы.
Сонымен қатар, жиынға «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Асқар Копеев, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лаура Ақшегірова қатысып, сөз сөйледі.
Жиын соңында белсенділік танытқан кеңес мүшелері алғыс хатпен марапатталды.