Шымкентте анасы мен нағашы атасын өлтірді деген азаматқа қысым көрсетілген

0
1 409

Екі бірдей туғанын пышақтады деп айыпталған жігіттің туыстары осылай дейді. "Сот тергеу қорытындысына сүйеніп үкім шығарып отыр. Рахатты анасы мен нағашы атасын өлтірдім деп мойындатып отыр. Ол ешкімді өлтірген жоқ. Тергеу дұрыс өтпеді. Зорлап мойындатқан. Өйткені, Рахат анасы мен атасы өлтірілгенде үйінде болмаған.


Шымкентте анасы мен нағашы атасын өлтірді деген азаматқа қысым көрсетілген

"24 жастағы Рахатты туған анасы мен нағашы атасын өлтірдім деп күштеп мойндатқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

" Екі бірдей туғанын пышақтады деп айыпталған жігіттің туыстары осылай дейді. "Сот тергеу қорытындысына сүйеніп үкім шығарып отыр. Рахатты анасы мен нағашы атасын өлтірдім деп мойындатып отыр. Ол ешкімді өлтірген жоқ. Тергеу дұрыс өтпеді. Зорлап мойындатқан. Өйткені, Рахат анасы мен атасы өлтірілгенде үйінде болмаған. Ол ойын ойнайтын жерде болған. Бұл туралы дəлелдеп беретін куəлеріміз де бар. Сот бəрін тыңдады. Білді. Бірақ сотқа дейінгі тергеуге құлақ асты. Сот куəлерге құлақ аспады. Бірақ сотқа да өкпелемейміз. Бұл бап бойынша өмір бойға немесе 20 жылға қамалып кететін еді. Сот 15 жыл деп жеңіл жаза тағайындады. Осы үшін де сотқа рахмет айтуға болады"- дейді сотталушының туысы Тəңірберген Жұмабеков.

Айдың күннің аманында анасы мен нағашы атасын жер жастандырды деп танылған жас жігіттің кінəсіздігіне шексіз сенетін туыстары апелляциялық шағым келтіреміз деп отыр. Туысқандарының басқаның қолынан қаза болғандығына сенімді.
"Бала таңғы сағат 6 жарымда үйіне кеп, атам мен мамам ұрыспасын деп терезеден түсіп бөлмесінде жатып қалады. Сөйтіп түскі бір жарымда оянған. Содан кейін ғана атасы мен анасының өлі денесін көріп, жылап əпшесіне звондаған"- дейді сотталушының туысы Тəңірберген Жұмабеков.
45 жасында өз ұлының қолынан қаза болды деген марқұм əйелге қарыз боп қалғандар не басқа да күдіктілер болуы мүмкін дейді туғандары. "Тергеуді қайта тергесе дейміз. Біз мұнымен тоқтамамймыз. Апелляциялық шағым түсіреміз"-деп туысқандары тас түйін бекініп отыр.
Аса қатыгездікпен анасы мен атасын өлтірді деп айыпталған 24 жастағы Рахат сотқа дейінгі тергеп тексеруде өз кінəсін мойындағанмен кейін сот кезінде өз сөздерінен бас тартқан.
"Полиция тарыпан қысым жасалынды деп сотталушы мəлімдегендіктен арнайы тексеру жүргізіліп, ешқандай да тəртіп сақшыларының тарапынан ешқандай зорлық зомбылық жасалмағаны анықталған. Криминалистикалық сараптаманың нəтижесінде сотқа дейінгі түсінігінің де жалған емес екендігі дəлелденген. Ең бірінші түсінігін сотталушы өз қолымен жазып берген. Қылмысты егжей тегжейлі жазып берген. Допрос кезінде 10-15 минуттан соң ақ анасының құрбысы мен жігіттің қалыңдығы, тəтесі келген. Дəлізде тұрып сотталушының түсінік беру кезін бақылап тұрған. Сндықтан да барлық мəн жайды сараптама нəтижелерін ескеріп, сотталушының кінəсі толық дəлелденді" - дейді Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Əбинұр Қарабаев.
Сотталушыға ҚР ҚК нің 99 бабығ 2-ші бөлігімен айып тағылған. Санкция бабы бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Алайда сот бұл бап бойынша ең жеңіл жаза тағайындаған. Өйткені, ҚР ҚК нің 55 бабының 2-ші талаптары бойынша егер жазаны ауырлататын мəн жай болмаса, қайта жазаны жеңілдететін мəн жайлар болса, сот ең минималды мерзімді кесуге міндетті.
"Екі адамның өмірін қиғаны үшін əрине бұл жеңіл жаза деп есептеймін. Бірақ заңның аты заң. Біз заң талаптарын, ережелерді сақтауға міндеттіміз", - дейді судья Əбинұр Қарабаев.