Шымкентте ашық тергеу кабинеттері ашылды

0
1 535

Бұл кабинеттер «Азаматтар мүддесінде қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасын іске асыру мақсатында ашылып отыр.


Шымкентте ашық тергеу кабинеттері ашылды

Шымкент қаласы Полиция департаментінде «Шымкент - Адалдық алаңы» жобасының шеңберінде ашық тергеу кабинеттерінің ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Әли Амантайұлы Көмекбаев қатысты.

Тергеушінің кабинеті бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Бұл камера тәулік бойы болып жатқанның барлығын түсіреді. Ұсталғандардың туыстары жауап алудың қалай өтіп жатқанын көре алады.

Жаңа кабинет полиция жұмысының ашық түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді, жәбірлеуді және де тергеу кезінде заңсыз тәсілдерді қолдануға мүмкіндік бермейді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жасайтын мүмкіндікті болдырмайды. Осылайша тергеу барысына деген шағымдардың саны азайтылады деген сенімдеміз.