Шымкентте әскери қызметкерлерге пәтер кілті табысталды

0
1 606

Шымкенттегі «Тұран» мөлтекауданында орналасқан тұрғын үй кешенінен 19 офицерге жаңа пәтер кілті табысталды.


Шымкентте әскери қызметкерлерге пәтер кілті табысталды

Шымкент қаласында «Отан қорғаушылар күні» қарсаңында бір топ әскери қызметкерлерге пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Тұран» шағынауданында салынған тұрғын үй кешенінен "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында әскери қызметкерлерге пәтер кілтін табыстау салтанатты іс-шарасы өтті.

Аталған салтантты іс-шарада әскери құрылымдарда қызмет ететін 19 офицерге жаңа пәтер кілті табысталып, қоныс тойы тойланды.

Пәтер кілтін алған офицерлердің арасында “Халық қаһарманы” атағын алған Ұлттық ұланның Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің командир полковнигі Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы да бар.

"Бүгін біздің бөлімнен 12 адам пәтер кілтін алса, жалпы 36 келісім-шарт негізінде қызмет жасайтын офицерлерге құжаттарын рәсімдеп болған соң, мерекеден кейін пәтер берілетін болады. Өзім баспана кезегінде үш жылдан аса тұрдым. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық талаптары мен тәртібін орындап баспанаға қол жеткізіп отырмын",- деді 6506 әскери бөлімінің командирі, полковник Қайрат Үмбетов

Жалдамалы пәтерден-пәтерге көшіп жүрген 6506 әскери бөлімінің қызметкері де осы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы пәтерге қол жеткізіп отыр.

"Бүгін мен үшін өте қуанышты күн. Себебі мен қанша күннен бері армандап жүрген арманыма қол жеткіздім. Алғашқы өз үйім, өз баспанам. Осы салада қызмет етіп жүргеніме 5 жыл болды. Пәтер жалдап тұрам. Кезекте тұрғаныма 5 жылдан асты. Осы бағдарлама арқылы бар-жоғы 3 айда қол жеткіздім", - дейді Гүлжан Қуатова әскри қызметші.

Сондай-ақ, әскерилер тұрғын үй аумағын көгалдандыру мақсатында «Жасыл мекен» акциясы аясында сыйға тартылған 60 түп ағаш көшетін аула ішіне отырғызыды.

Салтанатты шарада 6506 әскери бөлімінің офицерлерінен құралған оркестр ұжымы өз өнерлерін көрсетті.