Шымкентте ата-ана құқығынан айыруға талап-арыз көбейген

0
3 004

Ал, ұрлыққа түсіп, қылмыс жасайтын жасөспірімдердің 90%-ы толық емес отбасының балалары.


Шымкентте ата-ана құқығынан айыруға талап-арыз көбейген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте азаматтық істер бойынша сотқа түскен талап-арыздың жартысынан көбі ата-ана құқығынан айыру, алимент мөлшерін азайту істері болып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз мәслихатында ауданаралық сотының судьясы Нұралы Сарқұлов мәлімдеді.

«Қазіргі таңдағы біз қарап жатқан негізгі талап-арыздардың жартысынан көбі ата-ана құқығынан айыру, алимент мөлшерін азайту және баламен көрісуді белгілеу мәселелері болып отыр. Ал, талап-арыз берді екен деп, бірден ата-ана құқығынан айырып тастай беруге болмайды. Өйткені, ұрлыққа түсіп, түнгі ойынханаларды аралап, қылмыс жасайтын кәмелетке толмағандардың 90 %-ы толық емес отбасы, яғни ата-анасы ажырасып кеткен отбасының балалары», - дейді ол.

Сондай-ақ, 2019 жылдың алғашқы 6 айында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуына байланысты 103 әкімшілік іс түсіп, тиісті айыппұлдар салынған.

Айта кетейік, сот төрағасы Дәурен Сайхановтың айтуынша, 2019 жылдың алғашқы 6 айында сотқа 46 қылмыстық, 437 азаматтық істер бойынша сотқа арыз түсіп, оларға шешім шығарылған.