Шымкентте аударылған автобус: Бір адам оқиға орнында қаза тапты

0
1 689

12 адам ауруханаға түскен.


Шымкентте аударылған автобус: Бір адам оқиға орнында қаза тапты

Шымкент қаласындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, 12 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін, 16 қыркүйек күні таңғы сағат сегіздер шамасында Байтереков көшесі мен Астана даңғылы бойында жеңіл көлік пен автобус соқтығысқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

"Жол апатынан зардап шеккендерге оқиға орнында 5 жедел жәрдем бригадасы шұғыл медициналық қызмет көрсетуде. Оқыс жағдайдан 13 адам зардап шеккен. Оның үшеуі – балалар, тоғызы – ересектер. Зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізуде.

Өкінішке қарай, жол апатынан ауыр жарақат алған бір азаматша оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.