​Шымкентте әуесқой футбол лигасы жалғасуда

0
1 348

«Айжарық» пен «Шымқала» арасындағы Шымкент дербиінде қақпаға жалпы 13 гол соғылды.


​Шымкентте әуесқой футбол лигасы жалғасуда

Шымкентте Әуесқой футбол лигасының 2 – айналымының XIII – тур матчтар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ойындар алдын ала күтілгендей аса тартысты өтті. «Сайрам» мен «Ардагер» командаларының арасындағы матчта текқана бір ұжымның футболшылары гол соқты. Дайындығы жоғары болған сайрамдықтар 5:0 есебімен жеңіске жетіп, 3 ұпай иесіне айналды. Ал, «Айжарық» пен «Шымқала» арасындағы Шымкент дербиінде қақпаға жалпы 13 гол соғылды. Мұнда «Айжарық» футболшылары 7:6 есебімен жеңіске қол жеткізді.
«Құлагер» мен «Болашақ» ұжымдарының ойынында ірі есеп тіркелді. Бірінші тайымды қарқынды өткізген «Құлагер» футболшылары қатарынан голдар соғып, жеңіске деген құштарлығы жоғары екенін көрсетті. Нәтижесінде олар ойынды 6:1 есебіндегі жеңіспен аяқтады. Турдың өзге нәтижелері мынадай: «Палуандар» - «Экатон» - 2:3, «Искра» - «Орталық» - 2:7, «А-дем-академия» - «Сұңқар» - 2:1, REAL Шымкент – «СК 76» - 1:5.