Шымкентте аялдамалар жаңартылып жатыр

0
503

Ескі аялдамалар жалпы жөндеуден өтіп, қажеттілікке қарай қайта орнатылатын болады.


Шымкентте аялдамалар жаңартылып жатыр

Шымкент қаласында аялдамалар жаңартылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында 1886 аялдама орны бар. Ескірген аялдамалар орнына биыл жаңа үлгідегі 250 аялдама орнату көзделген болатын. Бүгінде оның 138-і қойылды.
Атап айтқанда, Сырым батыр - 17, Өтегенов -12, Бәйтереков - 2, Байтұрсынов -3, Назарбаев - 2, Айбергенов -2, Аймауытов - 10, Ақназар хан - 7, Сайрам-10, Момышұлы-9, Тәуке хан – 7, Қазыбек би -12, Елшибек батыр – 6, Жолан батыр -2, Позиков -2, Қазиев – 3, Төле би – 2, Уалиханов – 6, Иляев – 4, Әл-Фараби көшесіне 20 аялдама орнатылды. Қалған аялдамаларды орнату жұмыстары жалғасуда.

Ескі аялдамалар жалпы жөндеуден өтіп, қажеттілікке қарай қайта орнатылатын болады.