Шымкентте азық-түлік дүкендері жұмысын қайта бастады

0
395

Аталған нысандар тұрғындарға қалыпты режимде 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетуде.


Шымкентте азық-түлік дүкендері жұмысын қайта бастады

Шымкент қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен азық-түлік дүкендері жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған нысандар тұрғындарға қалыпты режимде 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетуде. Базарлар, кәсіпкерлік нысандар мен ірі сауда орталықтары сағат 10.00-17.00 аралығында жұмыс істейді.

Қалада коммуналдық қызмет көрсету қалыпты режимде жұмыс жүргізуде. Ал қоғамдық көліктер жолаушыларды сағат 07.00-21.00 аралығында тасымалдайды.
Естеріңізге салайық, 5-19 қаңтар аралығында елімізде төтенше жағдай режимі жарияланды. Бекітілген ережеге сәйкес, 23.00-ден соң үйде болуларыңызды сұранамыз.