Шымкентте азық-түлік өнімдерінің тапшылығы жоқ

0
1 113

Қала халқын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету басты назарда ұсталып, өкілетті органдар тарапынан бақылауда тұр.


Шымкентте азық-түлік өнімдерінің тапшылығы жоқ

Қазіргі таңда Шымкентте азық-түлік өнімдерінің тапшылығы жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала халқын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету басты назарда ұсталып, өкілетті органдар тарапынан бақылауда тұр.

Бүгінде Шымкентте азық-түлік қорын сақтау және оның бағасын тұрақтандыру бойынша нақтылы жұмыстар қолға алынып, қатаң бақылауға қойылған.

Бұл ретте Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан арнайы штаб тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізуде.

Осы орайда азық-түлік өнімдерінің тапшылығына қатысты жалған ақпараттар тарату бойынша заңда жауапкершілік қаралғанын назарыңызға жеткіземіз.