Шымкентте балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясы өтті

0
766

Оған қаладағы «Жігер» қоғамдық бірлестігінің бүлдіршіндері қонақ болды.


Шымкентте балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясы өтті

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Балалық шақ — бақытты аспан астында» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған қаладағы «Жігер» қоғамдық бірлестігінің бүлдіршіндері қонақ болды.
Демеушілердің көмегімен өткен қайырымдылық шара барысында балаларға түрлі аниматорлар арқылы концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады, сонымен бірге, ойыншықтар мен сыйлықтар тарту етілді.
Айта өтсек, «Жігер» қоғамдық бірлестігінде тумысынан сал ауруына шалдыққан 130-ға жуық бала тәрбиелену үстінде. Оларға әлеуметтік қызметкерлер үйіне барып сабақ оқытып, өзге де әлеуметтік, емдеу-оңалту қызметтерін көрсетеді.