Шымкентте бассейнге құлап кеткен 3 жасар баланың жағдайы ауыр

0
563

Сонымен қоса, жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала септикке құлап кеткен.


Шымкентте бассейнге құлап кеткен 3 жасар баланың жағдайы ауыр

Демалыс күндері Шымкентте балалармен байланысты екі жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 23 шілде күні сағат 22:30-да жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылғы бала қаңқалы бассейнге құлап кеткен. Жазатайым оқиға Абай ауданының Қызылжар тұрғын алабында Сығанақ көшесінде болған. Жарақат алған сәби қалалық балалар ауруханасына жатқызылған (жағдайы ауыр, аспирациялық синдром, мидың ісінуі, кома 1).

"Жазатайым оқиға туралы екінші хабарлама жедел медициналық көмек қызметінен 24 шілдеде сағат 00:05 минутта келіп түсті. Абай ауданы Самал-3 шағын ауданындағы Мейірімді көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала септикке құлап, қалалық балалар ауруханасына жатқызылды (жағдайы орташа, аспирациялық синдром)", - делінген баспасөз хабарламасында.