Шымкентте базардан құнды заттар ұрлаған қылмыскер ұсталды

0
1 103

Күдіктінің 7 ұрлық жайтына қатысы бар екені анықталған.


Шымкентте базардан құнды заттар ұрлаған  қылмыскер ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттегі «Автонұр» базарында белгісіз тұлға әртүрлі сауда нүктелерінен бағалы заттарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сатушылардың салғырттығын пайдаланып, құнды заттарды жымқырған Шымкент қаласының 38 жастағы тұрғынын қалалық ПД Абай АПБ-ның криминалдық полиция бөлімі және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында қолға түсірген. Сонымен қатар, қылмыскер азаматтың 7 ұрлық жайтына қатысы бар екені анықталған.

Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша ҚР ҚК 188-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.