Шымкентте базарлардың жұмыс кестесі өзгерді

0
2 939


Шымкентте базарлардың жұмыс кестесі өзгерді

Шымкент қаласында базарлардың жұмыс уақытына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қаладағы барлық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес, әмбебап, мал және автокөлік базарлары), оның ішінде көтерме сауда базарлары енді таңғы 6:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс жасайды. Ал демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылады.

Сондай-ақ, сауда базарлары үшін демалыс күндері (сенбі немесе жексенбі) санитарлық күн болып белгіленді.

Ал, жеке тұрған азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттері, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендердің жұмысы сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері 10:00-18:00-ге дейін шектелді.