Шымкентте білім сапасын қамтамасыз ету департаментіне жаңа басшы тағайындалды

0
3 092

2021 жылғы 22 ақпандағы бұйрығына сәйкес қабылданды.


Шымкентте білім сапасын қамтамасыз ету департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Шымкентте білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Конкурстық комиссия шешімі негізінде, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті «Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін уақытқа атқарушы болып Шамшиева Нұргүл Ақылбекқызы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы бұйрығына сәйкес қабылданды.

Нұргүл Ақылбекқызы Шамшиева 1976 жылы 19 шілдеде Қызылорда қаласында өмірге келген. Білімі жоғары, «Қазақ мектептерінде орыс тілі және әдебиеті және аударма» мамандығы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, 2006 жылы «Психология» мамандығы бойынша «Тұран-Астана» университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын Қызылорда қаласындағы Ә. Молдағұлова атындағы № 173 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2001-2003 жылдары – Қызылорда қаласы, П.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2008-2015 жылдары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің жетекші маманы, бас маманы, сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы, директордың орынбасары болған.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық- талдау орталығы» АҚ Президенті қызметін атқарған.