Шымкентте бір мезетте 30 қазан палау басылды (видео)

0
2 170

Аталған тағам әзірлеу мейрамы Қазақстан өзбектері этномәдени қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтіп келеді.


Шымкентте бір мезетте 30 қазан палау басылды (видео)

Бүгін 27-қазан күні Қазақстан өзбектері этномәдени қоғамдық бірлестігі "Дyстлик" қауымдастағының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы "Ал Акрам" тойханасында Достық дастарханы "Қазақстан палауы" фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Фестивалге Түркістан облысының арнайы аспаздары мен сүйікті ісінің шеберлері қатысып өз палауларын дайындап бақ сынауда.

Әр аймақтан жиналған 30 палау дайындаушы бірмезетте өздерінің әдіс- тәсілдерін қолданып әртүрлі палау түрлерін әзірлеуде.

Палау фестивалі түске дейін жалғасады, аспаздардың палауы оттан түскенше, келіп үлгересіздер.