​Шымкентте бір тәулікте 11 өрт тіркелді

0
2 161

Шұғыл шақырылымның бірі қаладағы асханалардың бірінен келіп түсті.


​Шымкентте бір тәулікте 11 өрт тіркелді

фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының өрт сөндірушілері бір тәуліктің ішінде 11 мәрте өрт сөндіруге шыққан. Шұғыл шақырылымның бірі қаладағы асханалардың бірінен келіп түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД мәліметінше, 3 қыркүйек күні сағат 11.19-да шұғыл кезекшілерге ұялы телефон арқылы хабарлама келіп түскен. Онда Алматы тас жолындағы «Пловцентр» асханасында өрт шыққандығы туралы айтылған. Оқиға орнына жеткен сөндірушілер асхананың пластикалық қаптамалары толығымен жанып кеткенін анықтады.

«Асхананың ішінен сыйымдылығы 50 литр болатын екі газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 21 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 11.37-де толық ауыздықталды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда» делінген хабарламада.