Шымкентте бір тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырды

0
664

Мегаполисте коронавирус жұқтырғандар саны 485-ке жетті.


Шымкентте бір тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырды

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 50 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Оның 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Ал, қалған 21-інен вирус скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлық науқас инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
19.05.20 жылы Шымкент қаласы бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 485 адамға жетті.