Шымкентте бір тәулікте 69 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды

0
835

Барлығы тиісінше инфекциялық стационарға жатқызылған.


Шымкентте бір тәулікте 69 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 69 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 69 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 33-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 18-і жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылғанға дейін тексерілген, 18-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Барлығы тиісінше инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
25.05.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 675 адам анықталды.