Шымкентте бірнеше рет қолданатын медициналық бетперде сатылымға шығады

0
1 170

Бүгінгі күні резервте 650 мыңнан астам бетперде бар.


Шымкентте бірнеше рет қолданатын медициналық бетперде сатылымға шығады

Шымкентте екі күннен соң медициналық бетперделер сатылымға шығады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Әбілхайырұлы мәлімдеді.

– Қазіргі таңда әлемдік экономикада біраз қиындық туындауда. Оның біздің мемлекетімізге де әсері тиюі мүмкін. Соған байланысты Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде, - деді Ербол Әбілхайырұлы.

Өздеріңізге мәлім, бүгінде қалада медициналық бетперделер тапшы.

Спикердің айтуынша, бұл мәселе бірнеше күннен соң өз шешімін табады. Бүгінгі күні резервте 650 мыңнан астам бетперде бар.

Ал, негізінен Шымкентте 750 дәріхана жұмыс істейді.

"Гаухар" тігін фабрикасы мен №5 колледжі күніне 500 мың данаға дейін көп қолданыстағы бетперде тігуге қызу кіріскен. Екі күннен кейін қала дәріханаларында дәке мен бөзден тігілген 4 қабатты маска - 110 теңге (2 сағат қолдануға), 8 қабатты маска - 130 теңге (8 сағат қолдануға), 16 қабатты маска 200 теңгеден сатылымға шығады (8 сағат қолдануға).", - деді Ербол Садыр.

Егер де, қала дәріханаларынада жоғарыда көрсетілген бағадан қымбаттатып сатқан жағдайлар орын алса, әкімдік тарапынан шара қолданылатындығын естеріңізге сала кетейік.