Шымкентте бітімгерлермен ашық есік күнін өткізді

0
1 961

Ашық есік күні шеңберінде медиаторлар тарапынан келушілерге тегін кеңестер ұйымдастырылды


Шымкентте бітімгерлермен ашық есік күнін өткізді

Шымкенттік ауданда медиаторлармен ашық есік күнін өткізді

ERNUR.KZ. Шымкенттік аудан әкімі медиаторлармен кездес ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Қаратау ауданында Республикалық "Медиация күні" акциясы аясында кәсіби және кәсіби емес медиаторлордың қатысуымен аудан тұрғындарына арналған ашық есік күні өткізілді.

Аталған іс-шара барысында кәсіби медиатор – Нұрханов Нұрбол Нұрланұлы келуші тұрғындарға медиация жайлы толық түсініктеме берді.

Сондай-ақ, ашық есік күні шеңберінде медиаторлар тарапынан келушілерге тегін кеңестер ұйымдастырылып, медиация кабинеттерінің орналасқан орны мен телефон нөмірлері көрсетілген арнайы парақшалар таратылды.