Шымкентте биыл 140 мыңға жуық тұрғын сапалы интернетпен қамтылады

0
327

15 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету көзделген.


Шымкентте биыл 140 мыңға жуық тұрғын сапалы интернетпен қамтылады

Шымкентте интернеттің қолжетімділігін арттыру және қала тұрғындарын сапалы интернетпен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған орай, қалалық цифрландыру басқармасының 2022 жылғы жоспарына сәйкес 15 елді мекенін талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі таңда, елді мекендерді талшықты оптика желісімен қамтуға қажетті құрал-жабдықтар алынып, Самал-3 елді мекені жеке инвесторлар қаражаты есебінен толық талшықты оптика желісімен қамтылды.
Сонымен қатар, инвесторлар есебінен Забадам, Қазығұрт, Құрсай және Солтүстік-Батыс елді мекендерін талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылса, жыл соңына дейін 134 620 қала тұрғынына сапалы интернет қолжетімді болады.