Шымкентте биыл кәсіпкерлік саласында 800-ге жуық жұмыс орны құрылады

0
414

17 жобаны іске қосу көзделген.


Шымкентте биыл кәсіпкерлік саласында 800-ге жуық жұмыс орны құрылады

Мемлекет басшысының биылғы жолдауы аясында Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда:
- «Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция» көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 55,4 млрд теңгені құрады. Яғни, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге артты;
- «Негізгі капиталға салынған инвестициялар» көрсеткіші бойынша осы жылдың 9 айында 260,7 млрд теңге құрап, өткен жылмен салыстырғанда 38,8 пайызға артты;
- Өнеркәсіп өнімінің көлемі осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 555,8 млрд құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 81,8 млрд теңгеге артты;
- 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 260,7 млрд теңге тартылды. Яғни, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 пайызға артты.
Сонымен қатар, осы жылдың 10 айында 310 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 38 пайызды құрады.
Айта кетейік, жалпы кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында биыл қала аумағында 758 жұмыс орнын құрумен 17 жобаны іске қосу көзделген. Оның ішінде, қазіргі таңда 8 жоба іске қосылып, онда 450-ден астам жұмыс орындары құрылды.