Шымкентте биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді

0
2 628

Жыл басынан бері қалада 3753 сәби дүниеге келген.


Шымкентте биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді

Шымкент қалалық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биылғы жылдың алғашқы үшемі анасымен бірге бүгін перзентханадан шықты.

28 жастағы Айткүл есімді қала тұрғыны біраздан бері ұл сүюді армандап жүрген еді. Арманы орындалып, өмірге бірден шекесі торсықтай үш ұлды әкелді.

Айта кетейік, туған сәтте үшемнің салмағы 1570гр, 1610гр, 1820 грамм болған екен. Қазіргі күні Бекасыл, Ерасыл, Жанасыл есімді балақайлар салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған.


Мерзімінен ерте туылған үшем екі аптаға жуық қалалық перинаталдық орталықтағы мамандардың бақылауында болды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен дәрігерлер жаңа туған нәрестелерге сыйлық табыстап, перзентханадан салтанатпен шығарып салды.

Бұл үш сәби – биылғы жылдың алғашқы үшемі. Жыл басынан бері қалада 3753 сәби дүниеге келсе, олардың басым бөлігі ұлдар.