Шымкентте "Біз заңсыз жарнамаға қарсымыз" акциясы өтті

0
911

Акцияға 50 ерікті қатысты.


Шымкентте

Шымкенттік жас еріктілер заңсыз жарнамаларға өз қарсылықтарын білдіріп, қала көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жас Отан жастар қанаты еріктілері Елшібек батыр және Орынбай ақын көшесіндегі шарбақтар, бағаналармен аялдамаларға жабыстырылған заңсыз жарнамаларды жою жұмыстарын жүргізілді.

Акцияға 50 ерікті қатысты. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.