Шымкентте блок-бекетте тұрған полицейді көлік қағып кетті

0
1 499

Оқиға 10 мамыр күні сағат 15:00 шамасында орын алған.


Шымкентте блок-бекетте тұрған полицейді көлік қағып кетті

фото: әлеуметтік желіде жарияланған видеодан скриншот

Шымкентте блок-бекетте тұрған полицейді көлік қағып кетті. Осылай деп фейсбук қолданушысы өз парақшасында оқиға орнынан видео жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласында Ақтас-1 блок-бекетінде тұрған қызметкерді жеңіл автокөлік соғып кеткен. Оқиға 10 мамыр күні сағат 15.00 шамасында орын алған. Блок-бекетте көлік қаққан қызметкерге шұғыл жедел жәрдем қызметі шақыртылған.

"Сағат 15.11.шамасында Шымкент қаласы Ақтас-1 елдімекенінде орналасқан блок-бекеттен шақырту қабылданды. Жедел жәрдем қызметі жеткенде анықталғаны, 30 жас шамасындағы жігіттің бұғана сүйегі (перелом ключицы) сынған. Зардап шегуші жігітті жедел жәрдем қызметі қалалық нөмірі бірінші ауруханаға жеткізді," - деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, аталған жәйт бойынша Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімет берген жоқ. Қалалық прокуратураның келісімінен соң жауап берілетінін мәлімдеді.

Әзірге белгілі болғандай, Шымкент қаласындағы Ақтас-1 елдімекенінде орналасқан блок-бекетте орын алған жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған.