Шымкентте бойжеткенді "пышақтамақ" болған күдікті іздестіріліп жатыр

0
711

Қазіргі таңда аталған жайт Қаратау АПБ тіркеуге алынып, күдіктінің жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.


Шымкентте бойжеткенді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында бойжеткенді "пышақтамақ" болған күдікті іздестірілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 12 шілде күні Шымкент ҚПД Қаратау АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, 4 шілде күні түнгі сағат 22:00 шамасында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат мөлтек ауданында бейтаныс ер азамат келіп, пышаққа ұқсат зат көрсеткенін жазып көрсеткен.

"Қазіргі таңда аталған жайт Қаратау АПБ тіркеуге алынып, күдіктінің жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасуда", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, осыдан аз уақыт бұрын жоғарыда аталған мәселе жайлы ақпарат жариялаған болатынбыз.