Шымкентте бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді

0
632

Чемпионат 22-29 қараша аралығында өтеді


Шымкентте бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді

Шаршы алаңның мықтылары Шымкентке жиналмақ. 2020 жылдың 22-29 қараша аралығында Шымкент қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау облыстарының, еліміздің барлық аймағының үздік спортшылары қатысады.

Қалалық көркем гимнастика мектебі спорт кешенінде ұйымдастырылатын додада еліміздің ең үздік былғары қолғап шеберлері бақ сынайды. Оның ішінде Олимпиада ойындарына жолдама иеленген боксшылар да бар.
Елдегі бас санитарлық мекеме өкілдерімен бірге жаттығу өтетін залдарды, қонақүйлерді, жекпе-жек өтетін орындар дезинфекцияланады. Жарыста объектідегі барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталады, спортшылар теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеу (Covid-19) анықтамаларын ұсынады. Жарыс көрермендерсіз өтеді.