Шымкентте болған атыс танымал мейрамханалардың бірінде болған

0
1 319

Қанды оқиға "Гранд-Прага" мейрамханасында орын алған.


Шымкентте болған атыс танымал мейрамханалардың бірінде болған

иллюстрациялық фото

Шымкент қаласы полиция департаменті қаладағы кафелердің бірінде кеше кешке болған атыс туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазиев көшесі бойында орналасқан "Гранд-Прага" мейрамханасында оқ атылған. Оқтан алынған жарақаттардан жәбірленушілердің бірі оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі ауруханаға жеткізілген. Қанды оқиға бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің екі бірдей бабы бойынша қылмыстық іс қозғал, атыс оқиғасына қатысты күдіктілер де анықталған. Қазір оларды ұстау үшін қажетті шаралар қолға алынған.

"Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы (адам өлтіру) және ҚР ҚК 287-бабымен (атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жедел іс-шаралар барысында болған оқиғаның мән-жайы мен күдіктілер анықталды. Оларды ұстауға шаралар қабылданды", - деп мәлімдеді Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.