Шымкентте бұқаралық спорт түрі дамитын болады

0
850

Қалалық спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов пен ҚФФ бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев қалада бұқаралық спорттың түрін дамыту бойынша бірлесе әрекет ету туралы келісімге келді.


Шымкентте бұқаралық спорт түрі дамитын болады


Бүгін Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалалық спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов пен ҚФФ бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев қалада бұқаралық спорттың түрін дамыту бойынша бірлесе әрекет ету туралы келісімге келді.
Меморандум аясында жастар, студенттер, мектеп оқушылары, көркемөнерпаздар, ардагерлер және әйелдер командаларының қатысуымен турнирлер ұйымдастыруға және осы іс-шараларға ақпараттық көмек көрсетуге уағдаласты.
Алдағы уақытта жаттықтырушылардың, ғылыми-педагогикалық құрам өкілдерінің тәжірибе алмасып, бірлескен семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылатын болады.