Шымкентте букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды

0
1 132

шымкент қаласында букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл кезінде кассир дабыл нүктесін басып үлгерген.


Шымкентте букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды

Шымкент қаласында полицейлер ізін суытпай букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған қаскүнемді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бетперде киіп, суық қарумен қаруланған белгісіз тұлға букмекерлік кеңсеге баса кіріп, ақшалай қаражатты иемденбекші болған. Кассир абдырап қалмай, дабыл нүктесін басып үлгерген. Дабыл дыбысынан қорқып, қаскүнем қылмыс орнынан қашып кетіпті.

Жедел-тергеу тобы күдіктінің жеке басын анықтап, оның ізін суытпай ұстап, қамауға алды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.