Шымкентте бұзақылар мәдениет үйінің тас-талқанын шығарды

0
573

Қазіргі таңда оқиға орынында полиция қызметкерлері тиісті жұмыстар атқаруда.


Шымкентте бұзақылар мәдениет үйінің тас-талқанын шығарды
11 қаңтардан 12 қаңтарға қараған түні белгісіз біреулер «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының «Жаңаталап» мәдениет нысанын зақымдаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының МКҚК баспасөз хатшысы Сауранбекова Макпал Батырбекқызы мәлімдеді.
"Ешқандай зат ұрланбаған. Бүгін түнгі 00:00-лер шамасында болған жағдай. Сыртқы және ішкі есік терезелерді сындырып, ішке кірген. Бірақ ешқандай зат ұрланбаған. Шыны ыдыстар сынып перделер жыртылған. Майда-шүйде заттарға зақым келген. Қазіргі таңда тексеріліп, іздестіріліп жатыр", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда оқиға орынында полиция қызметкерлері тиісті жұмыстар атқаруда.

Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын шеруге қатысушылар Түркістан сарайы, Көрме орталығы, Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханаға залал келтірген болатын.