Шымкентте «COVID19» инфекциясымен жалпы 20 адам тіркелді

0
552

Науқас осыған дейін індет жұқтырған азаматпен жақын байланыста болғандықтан оқшауланған.


Шымкентте «COVID19» инфекциясымен жалпы 20 адам тіркелді

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Науқас осыған дейін індет жұқтырған азаматпен жақын байланыста болғандықтан оқшауланған. Зертханалық сынамалар нәтижесінде диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқасқа қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында бекітілген хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде.

Бүгінде Шымкентте «COVID19» инфекциясымен жалпы 20 адам тіркелген.