Шымкентте «COWORKING» білім орталықтары ашылды

0
2 179

Бұл игі іс «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған.


Шымкентте «COWORKING» білім орталықтары ашылды

Шымкент қаласындағы Абай атындағы кітапханада «COWORKING» білім орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай Абай атындағы орталық кітапхана және орталықтандырылған балалар кітапханасында «COWORKING» білім орталықтары ашылды.

Сондай-ақ, заманауи технологиялар және кітап оқуға ыңғайлы бөлімдері бар орталықтардың ашылу салтанаты оқушылардың тілге байланысты интелектуалдық ойындар өткізіп, көркемсөз оқып, әндер орындауымен жалғасты.

Айта кетейік, бұл орталықтар «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған.