Шымкентте дәмханалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды

0
800

Иесі дәмхананы ашып үлгермеген.


Шымкентте дәмханалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды

Шымкент қаласындағы А.Байтұрсынов және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан дәмханадан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Аталған ақпаратқа сүйенсек, дәмхананың қожайыны қазіргі уақытта Шымкент қаласында емес және дәмхана көптен бері жұмыс істемейді. Жаз айларында жөндеуден өткізгенімен, ашып үлгермеген.

Сол маңда орналасқан дүкен иесінің айтуынша, ғимаратты нақты тұрғылықты жері жоқ адамдар мекен етіп алған және өз дүкенінде де ұрлық жиі орын алады екен. Сондықтан ол мезгіл-мезгіл бос дәмханаға қарап тұратын болған. Тиісінше, 4 желтоқсан күні таңғы сағат төртте дәмханаға бас сұққанда, ер адамның жансыз денесін тапқан.

Белгілі болғандай, қаза болған адамың жасы қырықтарда. Дәмхананың ауласынан қылмыстың болжалды құралы ретінде қан іздері бар пышақ табылған.