Шымкентте дәрігерлер резерві жасақталды

0
877

Бұл бағытта 79 медицина маманы алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша біліктілігін арттыруда.


Шымкентте дәрігерлер резерві жасақталды

Шымкент қаласында 1800-ге жуық дәрігерлер резерві жасақталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олардың қатарында 256 резидент, 1098 интерн (медициналық жоғарғы оқу орнының түлегі), 225 колледж студенті, 200 профессор-оқытушы, 20 терапевт бар.

Бұл бағытта 79 медицина маманы алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша біліктілігін арттыруда. Оқудан өтіп жатқан мамандардың 40-ы резидент және 39-ы фтизиатр пульмонологтар.
Осылайша денсаулық сақтау саласының басшылары медицина мамандарының тапшылық мәселесін шешпек. Тағы айта кетерлігі, оқытудан өтіп жатқан мамандар ықтимал коронавирустың екінші толқынында қажеттілік байланысты провизорлық орталықтарда науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жұмылдырылады.
Айта кетейік, жыл басынан бері 14 157 медицина қызметкері коронавирустық инфекциясымен күрес бойынша оқытудан өтті.