Шымкентте демеуші есебінен 6 спорт алаңшасы пайдалануға берілді

0
322

Ашылған заманауи спорт алаңшалары барлық стандарттарға сай.


Шымкентте демеуші есебінен 6 спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында демеуші есебінен 6 спорт алаңша пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан аумағында ашылған заманауи спорт алаңшалары барлық стандарттарға сай. Онда воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндік бар.
Бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген Шымкент қаласының құрметті азаматы Серік Түлбасов жеке қоры есебінен спорт алаңшаларын салып берген.
Бұған дейін меценаттың қолдауымен бес алаңшаның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілген. Бүгін 6-шы спорт алаңының ашылу рәсімі Қабанбай батыр көшесі 5 үйдің ауласында өтті.
Сондай-ақ, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырып, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда жыл соңына дейін бюджет есебінен 25 спорт алаңша халық игілігіне тапсырылатын болады.
Шымкент қаласында бұқаралық және балалар спортын дамыту мәселесі қала әкімінің ерекше бақылауында.