Шымкентте дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
604

Контейнер жуу, жәндіктерге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды.


Шымкентте дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданы аумағындағы Республика, Тәуке хан, Түркістан, Жангелдин, Қонаев, Байтұрсынов көшелерінің бойында орналасқан қоқыс алаңшаларында дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізілуде. «ШымкентСпецкомплекс» мердігер мекемесі өздері келісім-шарт жасасып, қызмет көрсететін аумаққа контейнер жуу, жәндіктерге қарсы дәрілеу жұмыстарын бастады.

Әл-Фараби ауданында жалпы саны 192 қоқыс алаңшасы болса, бүгінде соның 75-інде көктемгі санитарлық- дезинфекциялық жұмыстар атқарылуда.
Мұндай тазалық іс-шаралары басқа мөлтек аудандарда жалғасын табады.