Шымкентте диспансерлік есепте тұрғандар саны 4 пайызға төмендеді

0
2 496

Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 2021 жылы 7,2 млрд теңге бөлінді.


Шымкентте диспансерлік есепте тұрғандар саны 4 пайызға төмендеді

Шымкент қаласында диспансерлік есепте тұрғандар саны 4 %-ға төмендеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өңірлердегі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде бүгін Үкімет отырысында айтылды.
Шымкент қаласында бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету көрсеткішінің жоғарылауын диспансерлік есепте тұратын науқастар санының төмендеуімен айтуға болады. Нақтырақ айтқанда 2020 жылмен салыстырғанда олардың саны 4 %-ға төмендеді.
Амбулаторлық деңгейде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 %-ға өсті.
Сонымен бірге, ауруды ерте анықтау мақсатында профилактикалық тексерулер жүргізілуде. 2019 жылы 343 074 тексеру жоспарланып, олар 100 % орындалды. Ал, 2020 жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтардың 97 пайызы скринингтік тексерулерден өткен.